«ULTTYQ ÓNIM» көрмесі Астанада өтеді
Көктемнің ең ірі сауда-мәдени шарасы — «ULTTYQ ÓNIM» көрмесі биыл 16–18 мамыр аралығында Астанадағы EXPO көрме орталығында өтеді. Бұл – отандық кәсіпкерлер өз өнімін көпшілік назарына ұсынып, тұтынушымен тікелей жүздесетін алаң.
Көрмеге еліміздің барлық өңірінен келген кәсіпкерлер қатысып, киім-кешек, жиһаз, тұрмыстық техника мен күнделікті тұтынуға арналған тауар түрлерін ұсынады.

Келушілер үшін түрлі шаралар ұйымдастырылады:
- сән көрсетілімдері
- бағалы сыйлықтар ойнатылатын ұтыс ойындары
- дәм татып көру байқаулары
- кәсіпкерлікке қатысты тренингтер мен пайдалы кеңестер
Көрменің басты ерекшелігі – өндіруші мен тұтынушы арасында тікелей байланыс орнауы. Бұл – жергілікті бизнесті қолдап, отандық өнімнің сапасын бағалауға тамаша мүмкіндік.
Кіру тегін. Шараға отбасыңызбен бірге келіңіз – әр адам өзіне қажетті дүниесін табады.
Ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен @funddamu «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры
Бас демеушілер: Forte Business, Банк ЦентрКредит, Halyk Bank, Freedom Bank, сондай-ақ отандық жетекші лизингтік компаниялар