Үркер - 2024 ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдау басталды

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық байқауына өтінімдерді қабылдауды бастады.

Бұл байқауға медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін 2024 жылдың 13 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін қабылдау жіберу керек. Әрбір қатысушы байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
1. Жылдың үздік сұхбаты
2. Жылдың үздік репортажы
3. Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі
5. Жылдың үздік аналитикалық материалы
6. Радиостанциядағы үздік жоба
7. Жылдың үздік фотосуреті
8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы
9. Үздік өңірлік БАҚ
10. Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында)
11. Үздік подкаст
12. Үздік YouTube каналы
Жіберілген жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы керек. Жұмыстарды беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен халықаралық медиасарапшылардан құралған тәуелсіз қазылар алқасы бағалайды.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.

«URKER» ұлттық байқауының сыйлығы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы ең үздік жетістіктер үшін беріледі. Бұл байқау аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға, кәсіби стандарттар мен критерийлерді бекітуге, сондай-ақ азаматтық белсенділікті нығайтуға бағытталған.

Фото: Sputnik, Тимур Батыршин

Көбірек оқыңыз