V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада өтеді
Елордада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 76 күн қалды.
Туризм және спорт вице-министрінің айтуынша, спорт нысандарының көпшілігі жарыстарды өткізуге дайын. Ойынға 89 елден 2500 адам қатысады, олар спорттың 21 түрінен сайысқа түседі. Жеңімпаздардың жүлде қоры 253 миллион теңгеден асады. Қаржыны серіктестер мен демеушілер қамтамасыз етеді. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында ойынды дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның вице-президенті мәлімдеді.
“ДҚО спорт бағдарламасы ортақ тарих пен мәдениет біріктіретін көшпелі түркі халықтарының ұлттық ойындарына негізделген” – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.