Венгрияда «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты көрме ашылды
Венгрияның Қарцаг қаласында «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты бірегей көрме ашылды. Бұл іс-шараны Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстанның Венгриядағы елшілігі бірлесіп ұйымдастырған. Қарсаг қаласы тарихи тұрғыда маңызы зор, себебі бұл мекен XIII ғасырда Мажарстанға қоныс аударған қыпшақтардың алғаш қадам басқан жерлерінің бірі саналады.
«Қарцаг Кинче» өнер мұражайында өткен көрмеге Алматы музейінде сақталған 200-ден астам құнды жәдігер қойылды. Көрме екі бөлімге бөлінген: алғашқысы көшпенді қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын – салт-дәстүрлерін, зергерлік бұйымдарын, аңшылық өнерін таныстырса, екінші бөлімде Қазақстанның табиғаты мен заманауи қалалары көрсетілген. Ерекше назарға ілінген экспонаттардың бірі – Абай Құнанбайұлының жеке домбырасы.
Алматы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықованың айтуынша, Венгрия мен Қазақстанды осындай тарихи байланыстар біріктіреді. Кезекті көрме екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтып, алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар жалғасын табады деп күтілуде.