Халықаралық TURKSOY ұйымының мүшелерімен кездесуі өтті

Бельгия корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің мәліметінше, ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қассеинов, Түркияның ЕО жанындағы Тұрақты өкілі Мехмет Бозай, Орталық Азия елдерінің Брюссельдегі елшілері мен ТҮРКСОЙ елдерінің өкілдері ынтымақтастықтың жетістіктері мен перспективаларын талқылау үшін кездесіп, 2021 жылы түркі халықтарының құндылықтары мен мәдениетін ілгерілету мақсатында Еуропалық Парламентте және ЕО мен Бельгияның басқа да мекемелерінде бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

 

 

Сұхбаттасушылар Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммитінің қорытындылары мен түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (Түркі кеңесі) атауын түркі мемлекеттері ұйымына өзгерту туралы шешімді құптады.

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің атауын "Түркітілдес мемлекеттер ұйымы" деп өзгерту туралы шешім 2021 жылғы 12 қарашада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесінің VIII саммиті барысында қабылданды. "ТҮРКСОЙ" Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 1993 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Түркия Мәдениет министрлерінің келісімге қол қоюынан кейін құрылды.

 

Дерек көзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/285416?lang=kk

Көбірек оқыңыз