XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі өз мәресіне жетті. Орталық Азиядағы ең ірі кино өнерінің оқиғасы шетелдік және отандық кино шеберлері мен көрермендерін бір алаңға жинады. Апта бойы 30-дан астам фильм көрсетіліп, оның 22-сі байқау бағдарламасына қатысты.

Фестивальдің жабылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөзін жолдап, оның сөзін Архивтер және құжаттама істері комитетінің төрағасы Рустам Әли оқыды.

NETPAC қазылар алқасының жүлдесі «Белгісіз елге» фильміне (реж. Махди Флейфель) бұйырды.

Ерекше еңбектері үшін марапатталғандар:

  • Нури Бильге Жейлан (әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін);
  • Досхан Жолжақсынов (қазақстандық кинематографқа қосқан үлесі үшін).

Халықаралық байқау

  • Ең үздік әйел рөлі: Флорентина Хольциенгер («Moon», Австрия);
  • Ең үздік ер рөлі: Артур Пачесный («Next to Nothing», Польша);
  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі: «Nirvana», реж. Асиф Ислам (Бангладеш);
  • Үздік режиссура: Джун Мин О («House of the Seasons», Оңтүстік Корея);
  • Үздік фильм үшін Гран-при: «Next to Nothing», реж. Гжегож Дебовски (Польша).

Орталық Азия және түркі әлемі байқауы

  • Ең үздік әйел рөлі: Эльза Каримова («Ғашықтар тауы», Татарстан);
  • Ең үздік ер рөлі: Абылай Марат («Шекарадағы келісім», Қырғызстан);
  • Қазылар алқасының арнайы жүлдесі: «One of the Days When Hemme Dies» (Түркия);
  • Үздік режиссура: Аруан Анартай («Жоқтау», Қазақстан);
  • Үздік фильм үшін Гран-при: «Тырналар билейтін жер» (Саха Республикасы, Ресей).

Фестиваль қорытындылары

Фестивальдің жабылу кешін KhazaR этно-фьюжн тобы, Aljazz эстрадалық-симфониялық оркестрі және VIVAT шоу-балеті көркемдеді.

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы.

Бас серіктес: Bazis-A компаниясы.
Демеушілер: KAZ Minerals, Salem Entertainment, Kinopark Theatres және т.б.

Көбірек оқыңыз