Яндекс карталарында Қазақстанның 3D модельдегі көрікті жерлері көрсетілетін болды

Яндекс-картасында Алматы мен Астананың көрікті жерлерінің 3D үлгілері пайда болды. Жоба Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Ғимараттар мен ескерткіштердің үш өлшемді түсті модельдері қаланың бағдарын айтарлықтай жақсарта алады. Сонымен, қатар қонақтар мен тұрғындарға Қазақстанның мәдени көрікті жерлерімен жақсырақ танысуға көмектеседі. Картада Астанадағы «Бәйтерек» монументі, «Мәңгілік Ел» салтанат аркасы, «Астана Опера» театры, Орталық мешіт және Expo халықаралық көрме орталығы сияқты символикалық орындар айқын бейнелеген. Алматы қаласы бойынша «Қазақстан» қонақ үйінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының, «Көктөбе» телемұнарасы мен «Медеу» спорт кешенінің 3D үлгілері ұсынылды. Бұл модельдер келушілер мен тұрғындарға таныс жерлерді жаңа көзқараспен сезінуге мүмкіндік береді, олардың көрнекі тәжірибесі мен елдің мәдени және тарихи жетістіктері туралы білімдерін байытады.

"Біздің басты мақсатымыз -  шынайы өмірден танылатын объектілерді көбірек көрсететін заманауи, интуитивті карталарды жасау. Kazakh Tourism-пен жаңа жобамыз аясында дизайнерлер тобының 600 сағаттан астам қарқынды жұмысы нәтижесінде Қазақстанның 17 көрікті жерлері картадағы көлемге, түске және шынайы масштабқа ие болды. Енді пайдаланушыларға қалаған аумақты табу немесе оны шарлау, сондай-ақ көрнекті жерлерді барлық жағынан зерттеу оңайырақ болады», - деді Yandex Maps визуализация тобының жетекшісі Андрей Столяров.

Яндексте 3D үлгіні көру үшін қолданбада іздеу жолағына жердің атын енгізіп немесе картадан нысанды тауып, оны үлкейту қажет болады. Ал үш өлшемді модельді жоғарыдан емес, бүйірден қарау үшін экранда екі саусақпен параллель қозғалыс жасау керек. Сондай-ақ картаны екі саусақпен бұруға және нысанды әртүрлі бұрыштардан көруге болады.

«Біз Yandex Qazaqstan компаниясымен ынтымақтасатынымызға қуаныштымыз. Біздің бірлескен жұмысымыз туристік сайттардың қолжетімділігін арттыруға және пайдаланушылар үшін навигацияның жеңілдігін жасауға бағытталған,-деді «Kazakh Tourism» СҚ АҚ басшысы Қайрат Сәдуақасов.

Тағы бір ерекшелік, барлық модельдерді бірден көруге болады. Ол үшін Yandex Maps қолданбасына өтіп, орындар мен мекенжайларды іздеу түймесін басып, «Орын таңдауы» тармағын таңдау керек. Олар Алматы туристік бюросы мен Visit Astana мәліметтері негізінде дайындалған және қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді.

Көбірек оқыңыз