Жаңа рекорд: Абай ауданында 500 бала бір уақытта ат ерттеді
Абай ауданында Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдық мерейтойына орай 500 бала бір мезгілде ат тізгіндеді, деп жазады Абай аудандық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Arnapress.kz.
Қатысушылар түркітілдес мемлекеттер арасында рекорд орнатып, оның нәтижелері Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Шараға 4 пен 15 жас аралығындағы балалар қатысты. Екі ай бойына барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, атқа мінудің қыр-сырын үйретті.
Бұл бастаманы ауданның мектеп әкімшілігі, ұстаздары мен белсенді жастары қолдады.
«Қазақстан рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов 500 жас шабандозды сапқа тұрғызып, рекордтық сертификатты салтанатты түрде табыс етті», - деп хабарлады Абай аудандық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Олар бұл шараның ерлік пен бауырмалдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.