Жатақханаға орналастыру тәртібі
Алматыда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ахуалдық орталығы ашылды. Ол студенттерге жатақханада тұруға қатысты сұрақтарына көмектеседі. Жалпы жатақхана орындарын бөлуде басымдық жетім балаларға, мүгедектерге, ауылдық квота грантын алушылар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан азаматтарға, сондай-ақ «Серпін» жобасына қатысушыларға беріледі.
Жоғары курс студенттеріне орын тапшы болған жағдайда ЖОО жеке жатақханалармен келісім-шарт жасасуға міндетті.
Жатақхана бойынша ақпарат байланыстары:
📞 8 700-950-95-28
📞 8 700-255-14-43
Әр университетте ақпарат беру және төтенше жағдайларда студенттерді орналастыру үшін ахуалдық орталықтары жұмыс істейді.