Жерде магниттік дауыл басталды

Ғалымдардың мәліметінше, 27 ақпанда Жерде G1 – G2 деңгейіндегі магниттік дауыл тіркелді. Алдын ала деректер бойынша, геомагниттік толқындар Астана уақытымен 16:30 шамасында басталған. Күн астрономиясы зертханасы әзірге дауылдың нақты қуатын анықтай алмай отыр, себебі әртүрлі географиялық аймақтардан алынған мәліметтер әлі өңделіп жатыр. Дегенмен, ғалымдар 25 ақпандағы M3.6 класты күн жарқылы салдарынан Күннен шыққан плазма бұл құбылысты тудырғанын хабарлады.

Магниттік толқындар алдағы үш-тен алты сағатқа дейін жалғасуы мүмкін. Осыған байланысты полярлық шұғылалардың аймағы кеңейіп, біртіндеп орта ендіктерге жылжуда. АҚШ-тың Ұлттық мұхит және атмосфералық зерттеулер басқармасының (NOAA) Ғарыштық ауа райын болжау орталығы бұл құбылыс адам денсаулығына және техника жұмысына әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.

Наурыз айына арналған магниттік дауылдар болжамы:

  • 7-8 және 16-18 наурыз – әлсіз магниттік белсенділік, тек ерекше сезімтал адамдарға ғана аздаған қолайсыздық тудыруы мүмкін.
  • 1, 9, 15 және 26-28 наурыз – орташа деңгейдегі геомагниттік ауытқулар, бас ауруы, шаршау және жалпы әлсіздік туындауы ықтимал.
  • 12-14 наурыз – күшті магниттік дауыл күтіледі, ол метеосезімтал адамдардың денсаулығына ғана емес, сонымен қатар жерсеріктік байланыс пен радиожүйелердің жұмысына да қауіп төндіруі мүмкін.

Мамандар бұл күндері сақ болуға, көбірек демалуға, күйзелістен аулақ болуға және физикалық жүктемені азайтуға кеңес береді.

әлем
Көбірек оқыңыз