Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуға тыйымды жойған жоқ
БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат таралып жатыр. Алайда Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы қаралған іс аясында білім беру мекемесінде орамал тағу мәселесінің заңдылығын талқылаған жоқ.
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат таралып жатыр. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі. Сонымен қатар, бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған», - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Ата-аналардың балалардың тәрбиесіне, білім алуына, құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты өз мойындарына алу міндеттелген. Олардың заңмен бекітілген міндеттерді орындамауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекспен қарастырылған заңды жауапкершілікке әкеледі.