Жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтихан ережелері қалай өзгерді?
Жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын емтихандардың ережелері өзгертілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлімдеді.
Көлік құралдарын заңсыз ресімдеумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істердің көбеюіне байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ-мен бірлесіп арнайы ХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін ЗАҢСЫЗ беру шарттары анықталды.
Заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал еткен:
- Ақпараттық жүйелердің осалдығы,
- Процестерді жеткіліксіз цифрландыруы,
- Автокөлікті тіркеу рәсімінің жетілдірілмегендігі,
- Емтихандарды қабылдау рәсімінің құқықтық олқылықтары,
- Автомектептерде атүсті оқыту
Мониторинг нәтижелері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдады. Қазіргі таңда ұсыныстардың жартысынан көбі орындалды. ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқорын түзетуге қолжетімділікті жапты.
- Ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін бейнетіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.
- Пилоттық режимде арнайы ХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер үшін мүмкіндіктер алынып тасталды.
- Сонымен қатар, арнайы ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды. Заң жобасы ҚР Парламентінде қаралуда.
Десе де, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, мамандандырылған ХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатын тұлғалар әлі де болуы мүмкін. Қандайда бір құжаттарды рәсімдеу кезінде "дәлдалдардың" заңсыз қызметтеріне жүгінбеуіңізді сұраймыз. Егер сіз осындай фактілерге тап болсаңыз, бірден Антикорға 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарлаңыз. Жаңа Қазақстанның авторлары сіз бен біз!
Арнайы ХҚКО қызметіндегі сыбайлас жемқорлық факторларын жою Антикоррупциялық қызметтің бақылауында", - делінген хабарламада.
Автор: Мөлдір Адамжан