Әлеммен үйлесімде болу
Көп саяхаттайтын, екі немесе одан да көп қалаларда тұратын адамдардан біз қазіргі номадтардың рухын көреміз. Саёра Ни – солардың бірі.
– Қазіргі көшпенді әйелдердің бейнесін қайдан, қалай көресіз?
– Еркіндікті, бостандықты сүйетін әйелдерден. Бұрынғы әйелдер сияқты олар да белсенді, іскер, жан-жақты, әлеммен үйлесімді, асыл жар, абзал ана. Заманауи көшпенді әйел ыңғайлы, сәнді және қарапайым, бірақ ұстамды киінеді.
– Сіздің өміріңіз қалай ұйымдастырылған?
– Біз бүкіл отбасымызбен екі елде өмір сүре аламыз – мектеп те, жұмыс жайы да үнемі бір елде болуды міндеттемейді. Маған осындай өмір салты ұнайды, әрі біздің Отанымызда да, одан тыс жерлерде де өмір сүру ыңғайлы болғанына қуаныштымын. Қиындықтар тек алғашында, сіз өзге елдің ережелерін әлі жетік білмеген кезде және ол жақта таныстарыңыз болмаған кезде туындайды. Артықшылығы – кез келген уақытта сіз қалаған жерде бола аласыз.
– Бізде әр кейіпкерге сұхбат беретін дәстүрлі сұрақтар бар. Біздің елде сізге не ұнайды? –– Біздің табиғатымыз – біздің байлығымыз, мен оны жақсы көремін. Мен біздің ұлттық тағамдарымызды өте жақсы көремін.
– Біздің журнал Museofnomad деп аталады, ол «Көшпенділердің музасы немесе шабыты» дегенді білдіреді. Көшпенділерді не шабыттандырды деп ойлайсыз?
– Ұлы қазақ даласының сұлулығы мен еркіндігі.