Алматының көрікті жерлері. Медеу-Шымбұлақ
Оңтүстік астанада бірде-бір демалыс тауға шығусыз өтпейді. Бұл тұрғындар мен қонақтардың дәстүріне айналған.
Іле-Алатау ұлттық паркі Алматының оңтүстігіне қарай Алатау жотасында орналасқан. Аумағы 198 669 га құрайтын арнайы күзетілген аймақта көптеген бірегей табиғи объектілер бар. Бұл мақалада біз сізге солардың ішінде бір-біріне жақын орналасқан жаяу аралауға қолайлы орындары туралы айтып береміз.
Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтары мұнда әр демалыс сайын, тіпті кейде одан да жиі келеді. Жылдың суық мезгілінде Шымбұлақта шаңғымен, Медеуде конькимен сырғанау үшін арнайы барады. Ал жазда тауларға көтеріліп, термоминералды бұлақтар мен тау өзендерімен серігіп, сарқырамаларға тамсанып, таза ауамен тыныстау үшін келеді. Бұл аймақтың эндемині тань-шань шыршалары. Бірегей ағаштар биіктігі 60 метрге, ал диаметрі 2 м жетеді.
Бутаковка шатқалы
Бутаковка шатқалы– тау трекингіне арналған жеңіл маршрут. Жаздың ыстық аптабында алматылықтар өздерінің сүйікті орнына айналған шыршалар мен Бутаковка тау өзенінің салқынында демалу үшін бүкіл қала болып келеді. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдың соңында атақты табиғи сарқырама орналасқан. Бұнда сізге қажет нәрсенің бәрі бар: таза ауа, әсем көріністер, табиғат ананың құшағына еніп, барлық кереметін толық сезіну мүмкіндігі бар.
Медеу
Медеу – қысқы спорт түрлеріне арналған әлемдегі ең ірі биік тау кешені. Мұз айдыны теңіз деңгейінен 1691 м биіктікте орналасқан. Мұзды құю үшін таза тау суы қолданылады. Биік таулар мәнерлеп сырғанау спортында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етті, осы уақыт аралығына дейін мұнда ерлер мен әйелдер арасындағы барлық қашықтықтарда 200-ден астам әлемдік рекордтар орнатылды. Сондықтан Медеу «рекордтар фабрикасы» деп аталды.
Жылдың қысқы мезгілінде мұз айдыны конькимен сырғанағысы келетіндердің барлығына қол жетімді.
Горельник
Горельниктің радон ыстық сулары пайдалы қасиеттерге ие және көптеген тері ауруларын емдеуге ықпал етеді. Суға түсу қан қысымының төмендеуіне әкеледі, қабынуға қарсы әсері бар, теріні тазартады, май бездерін жақсартады, емдік және қалпына келтіру қасиеттері бар.
«Горельник» кешені термалды суы бар екі арнайы ойық, жабдықталған киім шешетін бөлмелер, душ, демалуға арналған орын және спорт алаңы бар. «Горельникке» кіру тегін.
Шымбұлақ
Шымбұлақ шатқалының табиғи жағдайлары әртүрлі деңгейдегі шаңғы тасжолдарын жасауға мүмкіндік берді. Мысалы, Талғар асуынан басталатын трасса ұзындығы 3500 м құрайды және оның барлық ұзындығында шекті жылдамдықты дамытуға мүмкіндік береді.Биіктігі 900-1000м.дейін барады. Спортшыларға ыңғайлы болу үшін Медеу мұз айдынынан бұлттардан жоғары орналасқан Шымбұлақтың ең биік нүктесіне дейін аспалы жол тартылған. Маршруттың бірнеше пункті спортшының дайындық деңгейі бойынша тасжолын таңдауға мүмкіндік береді.
Курорт маңындағы орындардың көптігі демалысты ыңғайлы етеді.
Тауларға шыққан: Газиза Габи
Суреттер: баспасөз қызметі мұрағатынан