Amigo қонақ үйінен - Еуропаның ең танымал арт- жәрмеңкелеріне
Брюссель - Бельгия мен Еуропалық Одақтың астанасы - өнер және антиквариттармен байланысты қала, Батыс Еуропаның көркем мәдениетімен танысу үшін мінсіз орын. Мұнда астананың орталығында орналасқан Rocco Forte Hotel Amigo қарсаңындағы антиквариат пен шайтан базарларынан бастап, орталықтан тыс жәрмеңкелерге дейін өнер әлеміне енуге болады.
Осы жазда қонақ үй қонақтарының жолы болды: олардың нағыз көркем қызықты оқиғаны тамашалауға керемет мүмкіндігі бар, өйткені 19-30 маусым аралығында екі ең танымал еуропалық арт-жәрмеңкелері болып өтеді: BRAFA (Brussels Art Fair) және TEFAF (Тhe European Fine Art Foundation).
Amigo қонақ үйлерінің талғампаздары мен жанкүйерлері заманауи талантты шеберлерден бастап, ғасырлық тарихы бар классикалық картиналар мен антиквариаттарды көруге дейінгі өнер нысандарымен танысып, бағалай алады. Қазіргі уақытта екі жәрмеңке де бірінен соң бірі өтіп жатқандығын ескерсек, Amigo қонақ үйінен басқа керемет әсерге толы бірнеше күндік арт-қызықты оқиғалар үшін жақсы таппайсыз.
BRAFA - 1956 жылы құрылған Брюссель өнер жәрмеңкесі - әлемдегі ең көне және беделді өнер жәрмеңкелерінің бірі. Оны қола дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі бес мың жылдық тарихты қамтитын «сирек кездесетін заттардың ерекше көрмесі» деп атауға болады. Осы жылы эклектикалылық және антиквариаттан, археологиялық артефактілерден, әртүрлі дәуірлер мен халықтардың мүсіндерінен, ескі шеберлер мен қазіргі заманғы суретшілердің кескіндемелерінен бастап зергерлік бұйымдарға, жиһазға, дизайнға және әлемдегі ең жақсы мұражайларға лайықты басқа да сирек кездесетін заттарға дейінгі ұсынылған жұмыстардың керемет сапасымен сипатталатын Брюссель арт- жәрмеңкесі – алғашқы келушілерін 19 маусымда қабылдады және 26 маусымға дейін ашық болады.
BRAFA серіктесі болып табылатын Amigo қонақ үйіне тұрақтаған тұрғындар көпшілікке ашылуға дейін көрменің алдын ала көрсетіліміне VIP-қол жетімділікке ие болады. Қонақ үй қонақтарына қандай қалалық көрмелер мен көрікті жерлерді көруге болатындығы туралы кеңес беріледі. Amigo қонақ үйінің тәжірибелі арт-консьержі болып табылатын Ахлем Мосаддак ханымның арқасында өнер сүйер қауым барлық жәрмеңке бойы, сондай-ақ Брюссельдегі басқа көрмелерде қажетті көркемдік ұсыныстар мен билеттерге қол жеткізе алады.
Маастрихттегі (Нидерланд) TEFAF (Еуропалық бейнелеу өнері қоры) антиквариат жәрмеңкесі кейінге қалдырылды, бірақ қайта оралды. Жеті мың жылдық өнерді, антиквариат пен дизайнды көрсететін әйгілі халықаралық бейнелеу өнері көрмесі осы жылдың 25-30 маусымы аралығында 35-ші рет өз есігін айқара ашады.
TEFAF, бейнелеу өнері, тенденциялар мен бағаларды анықталатын антиквариат және дизайн саласындағы әлемдегі жетекші ұйымдардың бірі бола отырып, халықаралық дилерлерге барлық кезеңдер мен жанрлардың мұражай сапасындағы туындыларының коллекциясын жиюшылар мен бағалаушыларының кең тобына ұсынуға мүмкіндік береді.
Amigo қонақ үйіне келгеннен соң қонақтар TEFAF билеттеріне тапсырыс бере алады. Amigo қонақ үйінің Арт-консьержі бұл әлемге әйгілі көрме-жәрмеңкеге баруды ұйымдастыруға еш қиындықсыз көмектеседі: бар болғаны 125 км - және де сіз Маастрихттесіз!
2022 жылғы бағдарламаға Bartha Contemporary (Ұлыбритания), Galerie Nicolas Bourriaud (Франция) және Imperial Art (Франция) сияқты 20 елдің жалпы саны 243 дилері кіреді.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фотосуреттер: Rocco Forte Hotel Amigo