Бозжыра – табиғат ананың ғажайып пейзажы

Қазақстан табиғаты шетсіз-шексіз кең даламен, көз тартар каньондары мен шатқалдарымен әйгілі. Еліміздің көркем жерлері әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристерді қызықтыруда. Біздің travel айдарымызда сізді міндетті түрде баруыңыз керек ең әдемі жерлермен таныстырамыз. Өйткені табиғат ана біздің елімізге сұлулықты аямай тарту еткен. Бүгін керемет пейзажымен танымал Бозжыра шатқалы туралы баяндаймыз. Ол өзінің көрінісімен таң қалдырып, ұзақ уақыт жадыңызда  сақталады.

 

Бозжыра шатқалы – Қазақстанның  көркем жерлерінің бірі. Ол Маңғышлақ түбегіндегі үстірттің батыс бөлігіндегі үлкен каньонның түбінде орналасқан.

Қазақ тілінен аударғанда «бозжыра» сөзі «өңсіз алқап» немесе «сұр жер» дегенді білдіреді. Шатқал дәл осы атауды қашан иеленгенін нақты айту қиын. Бірақ мұнда болған адамдар мүлдем қарама-қарсы эмоциялар кешіреді деп айтуға болады. Алқапта жарық, түс және ырғақ көп, бұл адамды ерекше қанаттандырады. Табиғат ана осы тұста өзінің қиялына толық еркіндік берген сияқты. Нәтижесінде таңғажайып туынды пайда болды. Тау жотасы үлкен каньонның түбінде орналасқан, бұл визуалды әсерін одан әрі күшейтеді.

 

Бозжыраның ауданы өте үлкен.  Егер оны толығымен қарап шыққыңыз келсе сізге бір күн жеткіліксіз болары анық. Шатқал бірегей шөлді кешенді және флора мен фаунаның сирек кездесетін өкілдерін сақтау мақсатында 1984 жылы құрылған Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының құрамына кіреді.

Жартастар хамелеондар сияқты жарықтандыруға байланысты түсін өзгертіп тұрады. Ақшыл түс басым болғанымен, қоңыр, қызғылт, сұр, ақ және сары түстердің қабаттарын да көре аласыз. Олардың барлығы әр түрлі геологиялық дәуірлердің шөгінділеріне сәйкес келеді, олар климаттың, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің құрамының өзгеруін еске түсіретіндей. Шатқалға жасаған сапардың ең жағымды сәті – күн батуы мен таңды осы сұлулықпен жалғыз қарсы алу. Айналасында көптеген шақырым жерде ешкім жоқ. Күннің әртүрлі уақыттарында алқап жаңа ерекшеліктерге ие болады, бұрын назар аудармаған бөлшектер байқала бастайды. Толық ай кезінде орын ерекше сиқыр орын алағандай көрінеді. Ай сәулесімен жарықтандырылған тауды көру бұл  сәттілікпен тең.

Бозжыра Маңғышлақтағы қасиетті орын болып табылатын, мұсылман ғибадатханасы Бекет ата жерасты мешітінен небәрі 20 шақырым жерде орналасқан.

Бұл жақтың ауа-райы қатал және оны нақты болжау мүмкін емес. Бозжыраға саяхаттаудың ең жақсы уақыты –жаз. Күзден көктемнің ортасына дейін мұнда жиі жаңбыр жауады, бұл онсызда қиын жолды одан әрі қауіпті етеді. Әктастың ашық түсіне қарамастан, шатқалдың түбі күн сәулесінде қатты қызады. Түске қарай бұл жердің ыстығы шыдатпай кетеді. Жақын орналасқан қалалармен температура айырмашылығы 10-15 градусқа өзгеруі мүмкін. Түнде ол өте суық болады, сондықтан өзіңізбен жылы киімдеріңізді алғаныңыз абзал.  

 

Бозжыра шатқалына қалай жетуге болады?

Бозжыраға ең жақын орналасқан қала – Ақтау. Сондай-ақ, жолда Жаңаөзен деп аталатын шағын қала бар. Шатқалға тек автокөлікпен жетуге болады. Автобустар мен басқа көлік түрлері мұнда жол жүрмейді. Қалай болғанда да, табиғи нысанға тек құрғақ ауа райында барған жөн. Жаңаөзен қаласынан Босжыраға дейінгі қашықтық шамамен 150 километрді құрайды, ал егер Ақтаудан баратын болсаңыз онда 300 километрге жуық.

 

Жақында ғана шатқал жету қиын жер болып саналатын. Алайда оған апаратын жолдар біртіндеп игерілуде. Қазір бұл жерге жыл сайын ондаған экспедициялар баруда. Көліктің жолда орын алуы мүмкін кез келген жағдайда дайын болуы өте маңызды.

Қазақстан тұмса табиғатымен тамсандыратын көрікті жерлерге толы. Сондықтан жолсөмкелеріңізді жинап, шетел асуға асықпаңыздар. Біздің Travel айдарын бақылып,  өзіңіздің саяхат маршрутыңызды құрып алыңыз.  

 

Авторы: Мөлдір Адамжан

Суреттер: баспасөз қызметі мұрағаттарынан

Көбірек оқыңыз