Дубайдағы қысқы демалыс Raffles the Palm Dubai сәнді қонақ үйінде жалғасуда

Жеке жағажай, кең бөлмелер, корольдік рухындағы сән-салтанатты керемет гастрономия.

Жаңа курорттық қонақ үй 2021 жылдың күзінде есігін айқара ашып, Пальма Джумейра аралында жайлы орынға ие болды. Ұзақ жылдық тарихы бар Raffles компаниясы сәнді демалыс дәстүрін жалғастырып, қонақтарына арналған  Raffles the Palm Dubai хан сарайын қайта құрды.

image-20220125164145-1_1643107307 

image-20220125170850-1_1643108931 

Қонақ үйдің интерьері әйгілі итальяндық Francesco Molon ательесінің 70,000-ға жуық жиһазын және Swarovski кристалдарының 6,000-нан астам аспалы шамын құрайды. Қабырғаларды безендіруде еуропалық шеберлер нағыз алтын мен күмісті, сондай-ақ Португалиядан әкелінген ерекше мәрмәрді қолданған.

image-20220125171403-1_1643109244 

image-20220125170540-6_1643108743  

Қонақ үй қонақтары талғаммен безендірілген классикалық стильдегі жиһазбен жабдықталған және керемет көріністері бар балкон немесе террассамен жабдықталған кең люкс бөлмелерге орналастырылады. Отбасылық демалыстың ең жақсы нұсқасы люкс санаттағы Duplex, Signature Ocean, Premier One Bedroom Palm, Raffles Presidential және Raffles Royal нөмірлеріне орналасу. Олардың ауданы 100 шаршы метрден 750 шаршы метрге дейінгі аралықты қамтиды. Құпиялылықтың максималды деңгейін бағалайтындар қонақ үйдің корольдік стиліндегі виллалардың біріне тапсырыс бере алады. Әр виллада спа және жеке бассейн бар.

image-20220125171819-2_1643109499 

image-20220125172247-1_1643109767 

image-20220125172034-1_1643109634 

Raffles the Palm Dubai қонақ үйінің басқарушы директоры Айман Гариб былай дейді: «бес жұлдызды Raffles the Palm Dubai қонақ үйіне талғампаз саяхатшыларды әлем картасындағы ең қызықты бағыттардың бірін ашуға және сонымен қатар аты аңызға айналған Raffles қызмет көрсету сервисінен ләззат алуға шақырады. Raffles the Palm Dubai қонақ үйі әрбір қонақты ыңғайлы орналастырып, ерекше демалыс сыйлауға кепілдік береді. Біз қонақтарымызды ең жақсыны ұсынып, жоғары деңгейде қарсы аламыз. Оларды жақын достармыздай шығарып салып, отбасымыздың бір  мүшесі ретінде қарсы алуға дайынбыз».

bypwtay6-1jpg  

Қызметтің жоғары деңгейі Raffles батлерлерінің тәулік бойы жұмысымен қамтамасыз етілген. Олардың көмегімен қонақ үйдің әр қонағы VIP ретінде қарсы алынып, Raffles мейрамханалары мен барларының бірінен орын брондауға, көрікті жерлерді таңдаудан бастап демалысты жоспарлау бойынша ұсыныстар ала алады. Айтпақшы, қонақ үйде орналасқан гастрономия мекемелері Таяу Шығыстағы аспаздық сахнаның туристік жауһарына айналып, ерекше орын алған. Мысалы, ерекше харизмаға ие түрік-итальяндық аспаз Батухан Пьятти басқаратын стильді Piatti жағажай мейрамханасы қонақтарды теңіз тағамдарының дәмін татуға шақырады. Аңызға айналған түстен кейінгі шай, Blüthner Louis XIV арнайы тапсырысымен жасалған рояльдың құрметіне  Blüthner Hall залында ұсынылады. Бұл осы жердің атмосферасына шынымен  корольдік стильдің реңін сыйлайды.

image-20220125172959-1_1643110200 

image-20220125173211-1_1643110332 

Cinq Mondes спа люкс демалыстың тұжырымдамасын жалғастырады. Орталықтың ішінде 23 емдеу бөлмесі, екі жұптарға арналған бөлме, хамам, скраб бөлмелері, толық жабдықталған жаттығу залы және йога студиясы бар.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Суреттер: Raffles The Palm Dubai

Көбірек оқыңыз