Француз-Мальдив жұмағы
Мальдив аралдарындағы жаңа Le Méridien Maldives Resort & Spa курорты – қыстауға қолайлы, аралдың хош иісі мен 1960 жылдардағы Франция рухын әсем үйлестірген таңғажайып орын.
Le Méridien Maldives Resort & Spa курорты бір жыл бұрын, 2021 жылдың тамыз айында ашылды. 1960 жылы Парижде құрылған Le Méridien брендінің «жағажай жұмағында» пайда болуы бекер емес. Курорт қонақтары үшін арнайы 154 вилла салынды, олардың дизайнында жергілікті нақыштағы және ХХ ғасырдың ортасындағы еуропалық дәстүрлер бар. Дәл осы кезде Европада алыс елдерге сапарлау сәнге айнала бастаған.
Le Méridien Maldives Resort & Spa Тиламафуши табиғи аралының тоғыз гектар жерін алып жатыр (мальдив тілінен аударғанда – шамамен «үлкен лагуналармен қоршалған») және оның сәулеті архипелагтың формасынан шабыт алады: коралл бақтары, рифтер, «Тилас» су астындағы шыңдары және эстетика иірімдерімен тоқылған интерьер.
Бір немесе екі бөлмелі виллалар тропикалық орманның жағасында немесе лагунада орналасқан, ал олардың тұрғындары Instagram үшін Үнді мұхиты мен ақ құмның керемет көрінісін ұсынады. Бөлек жағажайда отбасылар мен ірі компанияларға арналған үш бөлмелі вилла Thilamaafushi орналасқан. Қонақтарға алты мейрамхана мен бар, су спорты түрлерінің орталығы, Explore Spa by Le Méridien спа-орталығы, ал кішкентай қонақтарға – le Méridien Family клубы қызмет көрсетеді. Бұл жай ғана ойын бөлмесі емес, мұнда балалар үшін арнайы бағдарламалар да бар, мысалы, «теңіз биологының көмекшісі» немесе «жас әуесқой бағбан» бағдарламалары.
Жаттанды ойын-сауық түрлерінен шаршадыңыз ба? Ендеше Бода Финолу шөлді аралындағы тропикалық орман сафариіне шақырамыз!
Назарыңызда болсын! Le Méridien Maldives Resort & Spa табиғатты пайдаланбайды, бірақ онымен үйлесімді өмір сүреді. Курорт табиғи аймақтарды қалпына келтірумен және маржан рифтерін зақымданудан қорғаумен айналысады, аралды жарықтандыру үшін күн энергиясын пайдаланады, сонымен қатар қалдықтарды өңдеуге арналған арнайы қондырғы орнатылған.
Логистика туралы... Le Méridien Maldives спа-отелі Лавиани атоллының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Мальдив астанасының Мале әуежайынан қонақүйге 35 минутта теңіз ұшағымен жетуге болады. Sunrise Overwater Villa-дағы бір түннің бастапқы бағасы – таңғы ас пен кешкі асты қосқанда 600 долларды құрайды.
Қосымша ақпарат lemeriden-maldives.com сайтында.
Автор: Мөлдір Адамжан