Гармония аралы

Sheraton Maldives Full Moon Resort & Spa қонақ үйі – жеке аралдағы жағажай мен теңіз жұмағы ғана емес, сонымен қатар демалысты естен кетпестей қылып өткізуге болатын ойын-сауық отауы.

Sheraton Maldives Full Moon Resort & Spa шипажайы Феранафуши аралында, Велана әуежайынан жылдам қайықпен он бес минутта қатынайтын жерде орналасқан. Ол – Мальдив аралдарындағы ең көне курорттардың бірі және өз қонақтарын жеке трансфермен қамтамасыз ететін алғашқы қонақүйлердің бірі. Жалпы алғанда, Sheraton Maldives Full Moon Resort & Spa – осы аймақтағы қызмет көрсету жағынан жоғары сапа деңгейіне көтерілген демалыс орындарының бірі. 

Коронавирустық пандемия кезінде бес жұлдызды курорт айтарлықтай жаңартылды: қазір ол таза жағажайларымен тропикалық жұмақтың ландшафтына айналған 176 жаңартылған бөлмеден тұрады. Әлемнің әртүрлі елдерінің тағамдарын даярлайтын мейрамхана мен бардан басқа, бөлек аралда орналасқан shine Spa for Sheraton спа орталығымен: үш тропикалық ашық тұщы су бассейні және судағы спорт түрлерінің орталығымен жабдықталған.

Sheraton Maldives Full Moon Resort & Spa орталығында таңдай қақтырарлық әсем табиғат көріністерінен басқа тағы нені тамашалауға болады? Бұл сұрақтың жауабын курорттың өз ішінен іздеп көрейік. 

Суда тамақтану

Демалушылар аралдың тыныш лагунасын аралап, қалқымалы (плавающей) платформада ерекше гастрономиялық саяхат жасай алады. Күнге қызыну платформасы бар 17 шаршы метрлік инновациялық француз понтоны HamacLand, сондай-ақ ол көлеңкеде демалуға арналған қорғаныс шатырымен, гамактармен және су өткізбейтін матадан жасалған креслолармен жабдықталған – бұл жағалаудағы мейрамханадағы қарапайым таңғы ас пен түскі асты алмастыруға тұратын ерекше ұсыныс. Мұнда американдық, континенталды немесе Мальдив стилінде әзірленген таңғы ас түрлерін таңдап алуға болады.

 Side-by-side – отбасылық бағдарламасы

Отбасының барлық мүшелеріне арналған бағдарлама кең мағынада балаларға, аналарға, әкелерге, ата-әжелерге де арналған. Отбасының әрбір мүшесінің қызығушылықтары мен қалауларын ескере отырып, жергілікті мәдениетпен, әсем табиғатпен танысып, демалыс туралы жарқын естеліктер қалдыру үшін, орталық арнайы бағдарламалар ұсынады.

Маржан асырап алыңыз

Табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны қорғауға саналы түрде ұқыптылықпен ұмтылу – ешқашан ескірмейтін тренд. Sheraton Maldives Full Moon Resort & Spa осы трендті қолдап, «Mariott Bonvoy (Maldives Full Moon Resort&Spa кіретін корпорация) компаниясымен саяхаттау пайдалы» атты ғаламдық іс-шарасы аясында «Маржан асырап алу» бірлескен бағдарламасын іске қосқан.   

Курорт теңіз фаунасының биологиялық жағынан алуан түрлілігін қорғайтын, климаттық апаттар мен адамның іс-әрекетінен жойылу қаупі төнген маржан колонияларын сақтайтын Reefscapers ұйымымен ынтымақтасады. «Маржанды асырап алу» акциясына қатысушылар Reefscapers өкілдерінің басшылығымен маржан фрагменттерін өздері мекендейтін арал лагуналарындағы маржан рифтерінің жоталарына көшіре алады. Бұл олардың популяциясын қалпына келтіріп, жоғалып кетуден сақтауға көмектеседі. 

Өз аралыңдағы үйлену тойы

Көптеген адамдар үйлену тойын бөлек аралда, тек екі жасқа ғана ортақ қуаныш ретінде өткізуді армандайды. Ал Sheraton Maldives Full Moon Resort & Spa сіздердің осындай армандарыңызды орындайды! Өзіңіз қалағандай, салтанатты түрде немесе қарапайым камералық жағдайда рәсім жасай аласыз, барлығы сіздің қалауыңыз бен мүмкіндіктеріңізге сәйкес жасалады. Аралды тұтастай жалға алу құнына 352 адамға арналған жағажай кіреді, сондай-ақ іргелес орналасқан бақ және ашық бассейні бар Jalsaa кеңістігіне өтуге мүмкіндік бар.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Көбірек оқыңыз