GRAND PARK KODHIPPARU арнайы спа-ұсынысы

Grand Park Kodhipparu, Maldives - бұл Мальдив аралындағы керемет курорт, теңіз жағасында бассейні бар 120 қарапайым вилладан тұрады. Ол Мале Атоллдың солтүстігінде және Мале халықаралық әуежайынан жылдам қайықпен 20 минуттық жүру қашықтықта орналасқан.

imgonline-com-ua-compressbysize-2epf2cnatmz15ckjpg 

Әлемге әйгілі Hirsch Bedner Associates қонақ үй фирмасымен жобаланған курорт - Мальдив аралынан, жергілікті дәстүрлерден және қолөнерден шабыт алған заманауи интерьерлермен бірге ашық және жаңа қоғамдық кеңістіктері бар сән-салтанат пен тыныштық оазисі болып табылады. Демалу үшін қолайлы спектріне - жеті емдеу бөлмесі бар су үстіндегі спа-орталық, толықтай жабдықталған PADI дайвинг орталығы, жағажай демалыс клубы, Little Explorers балалар клубы, үш керемет мейрамхана және керемет бассейн кіреді.

Grand Park Kodhipparu алаңсыз жерде ыңғайлы демалуды жақсы көретіндер үшін тамаша орындардың бірі. Мальдивтің жұлдызды аспанын тамашалап, мұхит толқынының шуы астында демалғысы келетіндер үшін «Жұлдыздар астындағы Спа» (Spa Under the Stars) арнайы спа-ұсынысымен таныстырады. (Қонақтарға терең тіндердің массажы (Deep Tissue массажы) немесе жеке қалауыңызға байланысты курорттың меншікті фьюжн массажы (Kodhipparu Fusion Massage) ұсынылады. Процедура курорттың жағажайындағы керемет пальмалар арасында арнайы безендірілген жерде өткізіледі.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Суреттер:  prco.com

Көбірек оқыңыз