Көшпенділер дәстүрі

  Біздің дана ата-бабаларымыз қатал өмір жағдайларына байланысты көшіп-қонып жүрген. Заманауи қазақтар тұрғылықты жерін ауыстыруда жаңа әсерлер, қиындықтарды жеңу мүмкіндігін және өзімен үйлесім табуды іздейді. Көшпенділікке деген ұмтылыс қазақтардың генінде сақталып қалған. Алия Бермухамедованың отбасы – осының айқын мысалы.

– Заманауи көшпендінің бейнесін сіз қалай елестетесіз?

– Ол дана және рухы күшті! Біздің қоғамда көптеген әйелдер мансапта жетістіктерге жетті, алайда олар үшін ең бастысы – отбасы болып қала бермек. Бұл, әрине, дұрыс!

– Бүгінде сіздің өміріңіз қалай ұйымдастырылған?

– Біз жолдасымның ата-анасымен 15 жылдан бері бірге тұрамыз, сәйкесінше менің тұрмыстағы негізгі міндетім ана, жар және ата-анама қыз болу! Иә, қызы болу – біздің отбасында ене мен келін деген жоқ.

Біздің кәсібіміз Дубайда, сондықтан да біз кейде сол жақта боламыз. Қарқындап тез дамып келе жатқан мегаполис таң қалдырудан жалықтырмайды! Алайда Отанымыз әрқашан үйге шақырып тұрады!

– Екі немесе бірнеше елдерде өмір сүрудің қиындықтары бар ма?

– Барлығы жақсы ұйымдастырылған болса, қиындық жоқ. Балалармен Дубайға тек демалыста ғана ұшамыз, себебі олардың оқулары Алматыда. Рухы қазақтарға жақын халықтың тілі және мәдениетімен танысу – біздің өмір салтымыздың оң жақтары. 

Біздің ел қай жағынан сізге қатты ұнайды?

– Кең байтақ жері, таулары мен ормандары. Және де біздің халық – өте мейірімді және қонақжай! Мен Қостанайда туып өстім. Орманнан қазір ғана жиналған құлпынай мен саңырауқұлақтың иісі – балалық кезден қалған керемет естелік.

– Біздің журнал Museofnomad деп аталады, аудармасы «Көшпенділер музасы, шабыты». Қалай ойлайсыз, көшпенділерді не шабыттандырған?

– Менің ойымша, бізді де шабыттандыратын жағдайлар! Отбасы, балалар, достар және Отан! 

Жаңа өмірді, көктемнің келуін білдіретін қар астынан жарып шыққан бәйшешек пен қызыл көкнәр жайқалған дала – шабыттандырушы емей, не?!

ТҮЙІН

Жаңа өмірді, көктемнің келуін білдіретін қар астынан жарып шыққан бәйшешек пен қызыл көкнәр жайқалған дала – шабыттандырушы емей, не?!

Суреттер: Алии Бермухамедованың жеке мұрағатынан @aliyah_bm

 

Көбірек оқыңыз