McArthurGlen Serravalle Designer Outlet – стиль мен сән астанасындағы жұмақ

Италия – стильдің, талғампаздықтың және сән-салтанаттың синонимі. Мұнда армандайтын барлық нәрсе бар: көркем табиғат пен таңғажайып пейзаждар, керемет өнер туындылары мен тарихи көрікті жерлер, дәмі тіл үйіретін ұлттық тағамдар мен сауда опцияларының тамаша таңдауы.

Мұнда сізді Италияның ең үлкен қалалары – Флоренция, Рим, Милан, Неаполь және Венеция маңында орналасқан бес дизайнерлік аутлет күтеді, ал талғампаз саяхатшылар жергілікті және халықаралық брендтердің ең жақсы топтамаларын таба алады.

Serravalle дизайнерлік дүкені – танымал сән астанасы Миланнан 50 минуттық жерде орналасқан, сәнді сауда әуесқойлары үшін нағыз жұмақ.  2000 жылы ашылған сауда алаңының жалпы көлемі 50 000 шаршы метрден асады, оның 4000 тұрақ орны бар автотұрағы бар. Бүгінгі таңға дейін ол – Еуропадағы ең ірі элиталық сауда орындарының бірі болып қала береді.

Орталықтың стилі әйгілі заманауи сәулетшілер жасаған субұрқақтар мен мүсіндерге толы лигурия сәулетінің табиғи жалғасы ретінде жасалған.  Портфолиосында ең танымал итальяндық және халықаралық сән брендтерінің 230 дүкені, сондай-ақ 13 бар мен мейрамхана бар. Serravalle дизайнерлік дүкені көптеген қызмет көрсетуінің (қонақтарды қарсы алу қызметтері, эксклюзивті қонақ бөлмесі, кәсіби гардероб таңдайтын ассистент қызметтері, орталықтың барлық жерінде тегін Wi-Fi, премиум тұрақ, валюта айырбастау және туристерге салықты қайтару орындары, hands-free шопингі және қол жүкті сақтау камерасы, халықаралық төлем жүйелері (Alipay және Union Pay қызметтерін қоса алғанда) арқасында шопинг әуесқойларының сүйікті орнына айналған.

22 жыл ішінде Serravalle дизайнерлік дүкені көркейіп, кеңейіп, 6,5 миллионнан астам келушілер трафигіне қол жеткізді. Италияның солтүстік-батысындағы негізгі туристік орталықтарға, соның ішінде Миланға жақын орналасуы мен біріктірілген брендтердің ерекше таңдауының болуы – бұл орталықты халықаралық саяхатшылар үшін ерекше танымал орынға айналдырды.

2021 жылдың көктемінде орталықта балалары бар отбасыларға арналған 2000 шаршы метрден астам эксклюзивті алаң ашылды. PlayLand құрамына lele аквапаркі, Flora балалар саябағы және ойын алаңы кіреді.

Playland саябағы төрт ойын-сауық аймағына бөлінген. Олардың біріншісі, lele's аквапаркі – McArthurGlen портфолиосындағы жаңа тұжырымдама. Мұнда көптеген тамаша демалыс орындары бар – су слайдтары мен субұрқақтардан бастап, балаларды да, ересектерді де бей-жай қалдырмайтын сарқырамаға дейін адамды қызықтырады.

Flora's Baby саябағы ата-аналарға балаларын тәрбиешілердің бақылауымен ойнауға қалдырып, шопингтің қуанышына бой алдыруға мүмкіндік береді. Ал пикник алаңы отбасылық демалыс үшін арнайы жасалған. Мұнда қонақтар табиғатта демалып, тамақ ішіп, жайланып алады.

Орталықта мамандар итальян тілінен басқа 30 тілде сөйлейді, соның ішінде ағылшын, неміс, француз, испан, орыс, қытай және басқалары бар.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Көбірек оқыңыз