Noventa di Piave – өзіңізге ұмытылмас эмоциялар сыйлау мүмкіндігі

McArthurGlen Group – еуропалық дизайнерлік сауда нүктелерінің жетекші тобы, оны 1993 жылы Kaempfer Partners компаниясы құрды. Еуропадағы бөлшек дизайн дүкендері секторының ізашары – McArthurGlen тобы көлемі 695 000 шаршы метр болатын сауда алаңын тұрғызды.

Қазіргі уақытта компания тоғыз елде 25 дизайнерлік сауда орындарын басқарады: Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Италия, Испания, Канада, Нидерланды және Франция, оның жылдық кірісі 4,5 миллиард еуродан асады. Орталықта ең танымал премиум-класс өнімдері мен брендтер сатылады, олар жыл сайын 90 миллионнан астам сән жанкүйерлеріне сатып алудан бас тартпай-ақ үнемдеуге мүмкіндік береді. Дүкендер желісін кеңейту аясында McArthurGlen екі жаңа дизайн орталығын ашуды жоспарлап отыр, оның бірі – Париж-Гивернияда (Франция), екіншісі – Ремшейд қаласында (Германияның Кельн және Дюссельдорф қалаларына жақын).

2008 жылдың қыркүйегінде ашылған Noventa di Piave дизайнерлік дүкені – Еуропадағы ең көп баратын дизайнер дүкендерінің бірі болып табылады. Сауда орталығының архитектурасы дәстүрлі Венециандық палаццодан шабыт алған; дүкендер арасында көркем алаңдар, субұрқақтар, мейрамханалар мен кафелер бар, онда сіз итальяндық және халықаралық тағамдардың көптеген түрлерін таба аласыз.

Су арналары, көпірлері, бос алаңдары және керемет сарайлары бар, ертегідегідей Венеция – әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі болып саналады. Ол орналасқан Венето аймағы туристерді тарихи сәулетімен, шарап жасау дәстүрімен және тамаша тағамдарымен қызықтырады.

Венециядан небәрі 40 шақырым жерде орналасқан Noventa di Piave аутлетінде қазіргі уақытта 170 дүкен бар, оның ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен сәнді және танымал брендтер дүкені бар, кафелер мен мейрамханаларды қосқанда 12 тамақтану орны бар.

Бүгінгі күні орталықта жалпы көлемі 35 300 шаршы метр болатын үлкен сауда алаңы және алты электромобильді зарядтау станциясы орналасқан 3100-ге жуық автотұрақ бар. Қонақтарға балалардың ойын алаңы, тегін Wi–Fi, консьерж қызметтері бар екі қабатты демалыс бөлмесі, техникалық жабдықтары бар конференц-залдар, премиум автотұрақ, жеке трансфер, автобус-шаттл, сондай-ақ салықты қайтару және валюта айырбастау пункті бар.

Қазіргі  таңда сауда орталығында Nike, Armani, Polo Ralph Lauren, Hugo Boss, Dolce & Gabbana, Prada, Versace, Levi's, Calvin Klein, Alberta Ferretti, Moschino, Woolrich, Tod' s және басқа көптеген брендтер бар. 2022 жылы тағы да жаңа брендтер ашылды: Roy Rogers, Sketches, 120% linen, Guess accessories және Borsalino. Орталық жексенбіні қоса алғанда, аптаның әр күні сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Белгілі брендтер жинағы халықаралық саяхатшылар үшін орталықты ерекше танымал орынға айналдырды. Венето аймағына келген әрбір жүз туристің кемінде бесеуі Noventa аутлетіне барады.

Орталыққа келушілер итальян тілінен басқа 27 тілде сөйлейді, оның ішінде ағылшын тілі (қызметкерлердің 96%-ы сөйлейді), неміс, орыс, француз, испан, қытай және басқалары бар.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Көбірек оқыңыз