Qazaq Auyl. Табиғатпен жалғыз
Эстетика – бұл абстрактылы түсінік, алайда Қазақстанда кем дегенде оның заттай көрінісі бар: ол – Qazaq Auyl қонақүйі.
Қонақүй – бұл кәдімгі үй
Аспанмен таласқан биік таудың арасында, дәлірек айтсақ, Медеу шатқалының деңгейінде көшпенділер мен Скандинавия стилистикасының тоғысуын еске түсіретін тамаша архитектуралық композициясы орналасқан. Бұл – биік таулы Qazaq Auyl кешені. Айта кететіні, қонақүйдің жанында 1976 жылдары тұрғызылған әсем мейрамхананың ғимараты бар, алайда бүгінгі тақырып ол жайында емес.
Концепцияны әзірлеуге, біз, 2020 жылы, яғни пандемия уақытында кірістік. Ковид кезінде «қамауда отырғанып», Qazaq Auyl командасы табиғат аясында болудың қаншалықты пайдалы екендігін түсінді. Алғашында Qazaq Auyl аймағында жазғы шатырлар немесе түссіз күмбез астындағы үйлер болуы керек деп ойладық. Бірақ ең соңында нағыз тиімді нұсқа – барлық маусымға сәйкес келетін тұрақты конструкциялардан құрастырылған эко-үйлер деп шештік. Бұл арада табиғатқа жақындық – жай ғана сөз емес: оларды дайындау үшін тек қана табиғи материалдар пайдаланылды.
Заманауи вайб
Кез келген демалыс түрі үшін 16 модульді үй: бесеуі – екі, он бірі – бір бөлмелі. Барлық үйлер бір-бірімен өзара ағаш соқпақ жолмен байланысады және мейрамханамен ортақ терраса бар. Әрбір үйде қонақүйдің стандартты жинағы: Wi-Fi, мини-бар, сейф, екі адамдық сәнді төсек және I-can’t-breathe-тау көрінісімен бірге жеке саунасы бар. Тағы да атап өтетіні – әрқайсысында жеке-жеке сауна салынған. Егер сіз әлі бронь жасамаған болсаңыз, сізге дем беріп қояйық: көздің жауын алатын инстаграм көрінісі – бұл жарнамалық айла емес немесе кейбір тұрғындарға берілетін артықшылық қана емес: эко-үйлер Кім-Асар шатқалының көрінісі барлығынан бірдей көрініп тұратындай ыңғаймен орналасқан.
Ешқандай ішкі не сыртқы келіспеушілік жоқ: үйлердің сыртқы пішіні тауғаұқсайды, төбелері барынша биік, ал тау көрінісі витраж арқылы кіре берістен бірден көрінеді.
Ayul мейрамханасына бару демалысыңызды естен кетпестей етеді. Оның негізін қалаушысы – еліміздегі ірі AB Restaurants желісі. Барлық тағамдардың құрамы тек жергілікті және маусымдық азық-түлікке негізделген. Бұл көшпенділердің өміріне гастрономиялық шолу жасауға мүмкіндік сыйлайды. Қосымша бонус – аспанмен астасқан биіктіктен тау көрінісіне тамсана отырып тамақтану. Көшпенділер өзінің музасын осындай ғажап жерден таппағанда, басқа қайдан табады?
Әрине, қонақүйге келушілер қиялға бөлене отырып, аспаздық шеберлікке ғана рахаттанбайды. Жаздыгүні – велосипед, қыста – шаңғы және сноуборд, жылына 356 күн – атпен серуендеу, парапланда ұшу, квадроциклдар, тауға шығу, арқан бағы, скалодром және басқа да көптеген спорттық сауық түрлері ұсынылады.
Болашақтың бейнесі
Qazaq Ayul қонақүйінің концепциясы классикалық қонақүйдікінен түбегейлі ерекшеленеді: әрбір эко-үй табиғатпен оңаша болуға жайлылық сыйлайды. Барлық жерде тек қана экологиялық таза технологиялар мен процестер пайдаланылады. Qazaq Auyl мен оның қонақтары – қашан да қоршаған ортамен үйлесімде болады.