Қазақстан туризміндегі 2024 жылғы жетістіктер

Қазақстан Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі. Соңғы жылдары еліміз туризм саласында елеулі өсімді көрсетті. Бұл сөзімізге дәлел туристердің санының артуы мен инвестициялардың өсуі және ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы.

Қазақстан туризмі экономиканың  маңызды бөлігіне айналып, жаңа жұмыс орындарын ашып, шалғай аудандардың дамуына ықпал етуде. 2024 жылы Қазақстан ішкі және халықаралық туристердің назарын аудара отырып, табиғи және мәдени ескерткіштердің алуан түрін ұсынып, туризмді одан әрі дамытуда.

Қазақстанның әртүрлі облыстарындағы туризмнің қалай дамып жатқанын толығырақ қарастырайық: 

Ақмола облысы:

Ақмола облысы — бұл табиғаттың ғажайып сұлулығы мен танымал Бурабай курортының мекені. 2024 жылдың 9 айында өңірге 1 миллионнан астам турист келіп, оның ішінде 932 мың адам Бурабайды таңдады. Туризм саласынан түскен салықтық түсімдер 3,1 миллиард теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артты. Облысқа салынған инвестициялар 23,1 миллиард теңгені құрап, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадамдарды көрсетеді.

 Алматы облысы:

Алматы облысы — бұл тек қана таулар мен ерекше табиғи парктер ғана емес, сондай-ақ қарқынды дамып келе жатқан туристік кластер. 2024 жылдың 9 айында өңірге 384,1 мың турист келіп, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 19%-ға артық.

«Іле-Алатау», «Көлсай көлдері» және «Шарын» табиғи парктері саяхатшыларды әлі де тартып келеді.

 Алматы: 

Алматы қаласы Қазақстанның басты туристік орталығы болып қала береді. 2024 жылы қалаға 1,7 миллион турист келіп, өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға артты. Шетелдік туристер саны 24%-ға өсті. Алматы саяхатшыларға тек Іле Алатауының табиғи сұлулығын ғана емес, сонымен қатар мәдени мұрасын да ұсынады: мұражайлар, театрлар және тарихи ескерткіштер. Одан бөлек қала инфрақұрылымы белсенді дамуда: жаңа қонақ үйлер, глэмпингтер және туристік нысандар ашылып, туризм саласына инвестициялардың табысты екенін көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысы:

Батыс Қазақстан облысы да туризм саласында оң нәтижелер көрсетуде, туристер саны 18%-ға артты. Бұл өңір табиғи көрікті жерлерімен және тарихи ескерткіштерімен тартымды. Алдағы жылдары облыста 25 миллиард теңге сомасына 14 ірі туристік жоба іске асырылмақ, бұл өңірдің инфрақұрылымын жақсартып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысы елдің маңызды туристік хабы ретінде дамып, жергілікті және шетелдік туристерді тартады.

 Жетісу:

Жетісу өңірі өзінің табиғи көрікті жерлерімен танымал, бұл жерде Алакөл мен Балқаш көлдері, сондай-ақ «Алтын-Емел» және «Жоңғар-Алатау» ұлттық парктері бар. 2024 жылы Жетісу облысын 253 мыңнан астам турист келіп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға артты. Өңірде Үшарал әуежайының қайта жөнделуі және жол инфрақұрылымының жақсаруы туристік нысандарға қолжетімділікті арттырып, туризмді дамытуға септігін тигізді.

Маңғыстау облысы:

Маңғыстау облысы да туристік өңір ретінде дамып келеді. 2024 жылы бұл аймақта 367,4 мың турист қызмет алған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 13%-ға артық. Маңғыстау өңірі өзінің бірегей табиғи нысандарымен, мысалы, Бозжира, жартастар мен шөлдермен танымал. Алдағы жылдары өңірде бірнеше ірі туристік жоба іске асырылып, жаңа жұмыс орындары мен инвестициялар тартылатын болады.

Ұлытау:

Ұлытау — бұл табиғатымен қатар мәдени мұрасымен де туристерді тартып отырған ерекше өңір. 2024 жылы Ұлытауда 21,2 мың турист қызмет алды, оның ішінде шетелдік туристер де бар, бұл өңірге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Туризм саласына инвестициялар 2 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 50,6%-ға артты. Үш қонақүй кешені іске қосылып, 2025 жылы жаңа нысандардың құрылысы жоспарлануда, бұл Ұлытауды туристер үшін тағы да тартымдырақ етеді.

Қызылорда:

Қызылорда облысы да туристік ағынды арттыруда. 2024 жылы өңірге 116,6 мың турист келіп, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 10%-ға артты. Туризм саласына инвестициялар 26,1 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,5%-ға көп. Облыста инфрақұрылым белсенді түрде дамып, туристер үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

Қазақстан саяхатшыларға демалыспен қатар  табиғи ғажайыптармен танысу үшін туризм саласын дамытып келеді.

 

Көбірек оқыңыз