Rocco Forte Hotels: Дүние жүзіндегі бірегей қонақ үйлердегі сән-салтанат пен бай мұраның көрінісі

Rocco Forte Hotels – отбасылық бизнеске айналған тамаша қонақүйлердің жай ғана жинағы емес, бұл сондай-ақ зәулім ғимараттардың әрбір тастары мен қасбетіне өрілген тарих. 1996 жылы сэр Рокко Форте мен оның әпкесі Ольга Полицци негізін қалаған компания қазір 14 бірегей қонақ үй, бірнеше курорт пен әсем виллаларды біріктіріп, қонақжайлылық пен сән-салтанаттың үлгісіне айналып отыр.

«Бізде нақты әрі айқын бизнес-стратегия бар. Біз континенттің ең ірі қалаларында люкс қонақ үйлер ашуға баса назар аудара отырып, онда сапалы қызмет көрсету жүйесін де орнаттық. Біз өз бизнесіміздің қандай болатынын, нені қалайтынымызды ең басынан-ақ білдік. Әрбір қонақ үйдің басқару жүйесі басқа қонақ үйлерге қарамастан, тәуелсіз түрде жүргізіледі деп шештік. Сондықтан да менің әпкем, компанияның негізін қалаушылардың бірі әрі дизайн жөніндегі директоры Ольга Полиццидің күш-жігерінің арқасында әрбір қонақ үй өзі орналасқан қаланың бірегей ерекшелігін көрсетеді. Десек те, олардың әрқайсысында отбасының әсері сезіледі, бұл – кез келген бизнес үшін жетекші күш. Бүкіл жиырма жыл бойы біз осы қағидатты адал ұстанып, жұмыс істеп келеміз. Басқа қонақ үй брендтерінен біздің ерекшелігіміз де осында жатыр», – дейді сэр Рокко Форте.

Сән-салтанат пен әрбір іске егжей-тегжейлі назар аудару – Rocco Forte қонақ үйлерінің әрқайсысының ажырамас бөлігі. Тамаша дизайндағы кең бөлмелерден бастап, жергілікті жоғары сапалы өнімдерден дайындалған тағамдарды ұсынатын дәмді мейрамханаларға дейінгі әрбір элемент ең талғампаз қонақтардың көңілін қанағаттандыруға арналған.

Rocco Forte қонақ үйлерінің әрқайсысының артында отбасы тұрады – бұл олардың ең басты ерекшелігі. Басқару жүйесінен бастап, қонақтарға қызмет көрсетуге дейін бизнестің барлық аспектілерінен отбасылық байланыс білінеді. Бұл Rocco Forte қонақ үйінде тұруыңызға ыңғайлы жайлылық пен ұмытылмас атмосфера орнатады.

Бүгінгі таңда Rocco Forte қонақ үйлері өзінің бірегей сән-салтанатын, даралығын және қонақжайлылығын сақтай отырып, одан әрі кеңеюде. Әрбір жаңа қонақ үй, әрбір жаңа орын – Forte отбасы тарихының жаңа тарауы, осылайша олар қонақтарына ұмытылмас естелік сыйлап, оған өз тарихының бір бөлігін қосуға тамаша мүмкіндік жасап отыр.

Көбірек оқыңыз