Романтикалық саяхатқа аттанар кез келді!
Ғашықтар күніне арналған арнайы ұсыныс.
Махаббат – өмірге мән беретін керемет сезім. Оны сезініп қана қоймай, нығайту үшін әрдайым тырысу керек. Сондықтан біз кез-келген мүмкіндікті пайдаланып, жақын адамыңызды қуантуға тырысыңыздар.
Романтикалық саяхатқа бірге аттану барлық ғашық жұптардың арманы. Бірге саяхаттау өмір бойы ұмытылмас естеліктер сыйлайды. Әсіресе күнделікті өмірде бар уақытымызды жұмыс пен күйбең тіршікке арнасақ демалыстың қажет екені сөзсіз. Ғашықтар күнін тойлауға арналған туристік орындар топтамасын ұсынамыз.
Мальдив
2022 жылдың 1-28 ақпан аралығында ерлі-зайыптылар керемет тропикалық ландшафттармен қоршалған романтикалық кешкі ас үшін мұхит жағалауындағы Grand Park Kodhipparu шипажайында ғашықтар мерекесін атап өтіп, жұптарға арналған массаждан ұмытылмас эмоциялар ала алады.
Мальдив аралындағы Grand Park Kodhipparu шипажайы Мале халықаралық әуежайынан жылдам қайықпен 20 минуттық жерде орналасқан. Ол 120 түрлі стильдегі виллалармен тамсандыра алады. Тыныш су виллаларынан бастап екі немесе одан да көп жатын бөлмелері бар кең виллаларға дейін, шексіздік бассейні, үш атмосфералық мейрамхана, су және спорт орталықтары, сонымен қатар ұмытылмас тропикалық ландшафттарымен көрікті.
Ғашықтар күніне орай 2022 жылдың 1-28 ақпаны аралығында бір ай бойы шипажайда тұруға арналған арнайы романтикалық ұсыныстар болмақ. Олар:
- The Еdge мейрамханасында екі адамға арналған күнделікті таңғы ас;
- Виллаға келген кезде бір бөтелке шарап;
- Бау-бақшада немесе жұлдыздардың астында екі адамға арналған кешкі ас мәзірі бар романтикалық кешкі ас;
- Екі адамға арналған 50 минуттық массаж;
- Maле халықаралық әуежайынан жылдам қайықпен тегін трансфер.
Маврикий
LUX*Grand Baie Resort&Residences жаңа жипажайының ғашықтар күніне орай арнайы ұсыныстары бар. Маврикийдің романтикасын сезініп, ұмытылмас демалыс өткізу үшін тропикалық табиғат пен аралдың ыстық климатын тамашалау – сіз және сіздің жан серігіңіз үшін тамаша жоспар болмақ. Қонақтар Үнді мұхитына қарайтын бөлменің террасасында шампан ұсынылған таңғы асын, аспаздық шеберлік сыныбын немесе Love story стиліндегі кәсіби фотографтың фотосессиясын тамашалай алады.
LUX* Grand Baie жұптары үшін қонақтар шипажайда демалу кезінде пайдалана алатын бірқатар арнайы ұсыныстар дайындалды. Екі адамға арналған романтикалық кешкі ас үшін Ai KISU бірінші дәрежелі азиялық тағамдары бар стильді мейрамхана өте ыңғайлы, ал кешті сүйетіндер көрші орналасқан DJ тректерінің астына түні бойы билеу үшін Ai KISU курортының жеке түнгі клубына да бара алады.
Маврикийдегі саяхат туралы жылы естеліктерді есте сақтауға көмектесетін екінші жартыңызға арналған керемет сый – бұл LUX* Resort & Hotels шығарған арнайы капсула жиынтығынан купальник немесе талғампаз жағажай халаты, сонымен қатар LUX* Grand Baie Resort & Residences ашылуына арналған Маврикий премиум және экологиялық таза купальник бренді Alicia Swim.
Орналасу үшін 2022 жылғы 1 ақпаннан 31 желтоқсанға дейін қол жетімді ең жақсы бағадан 22% жеңілдік беріледі.
Сейшел
Өзінің әсем ландшафттарымен, керемет қызметімен, ақ құмымен және шексіз мұхит көріністерімен тамсандыратын Mango House Seychelles – бұл көзге көрінбейтін, қалалық уайымнан жасырынатын тамаша орын. Жан серігіңізбен ұмытылмас романтикалық демалыс үшін өте қолайлы. Барлық ғашықтар күніне орай Mango House өз қонақтарына бірқатар арнайы ұсыныстар дайындады. Мысалы, 14 ақпанда Moutya креол мейрамханасы қонақтарға: тіске басардан алма мен қызылша және қияр тартарларымен қуырылған фуа-гра; ыстық тағамнан карри тұзды мен жергілікті теңіз өнімдері, гүлді қырыққабат және маракуйя ұсынады. Ал десерт үшін-ақ шоколад пен мангодан жасалған керемет мусс.
Шипажайдың спа-орталығы да 11-20 ақпан аралығында арнайы ұсыныс дайындайды.
Тағы да жұмақ аралдар...
14-20 ақпан аралығында Waldorf Astoria Maldives Ithaafushi шипажайында Be our Valentine арнайы бағдарламасы әуесқой жұптарға демалыстан ләззат алып қана қоймай, бір-біріне апта бойы ұмытылмас эмоциялар сыйлауға көмектеседі. Мұхит жағалауындағы романтикалық кешкі ас, жеке яхтадағы күннің батуының таңғажайып көрінісі немесе жанды музыкасы бар жағажай кеші – ғашықтарға жылдың ең романтикалық мерекесінде қуаныш сыйлайтындардың аз ғана бөлігі.
Сонымен қатар шипажай барлық қонақтар үшін 14 ақпанда жанды музыкамен романтикалық жағажай кешін ұйымдастырады. Жұлдызды аспан астында сүйікті адамыңызбен би билеу – бұл барлық ғашықтар күнінің ең жақсы нүктесі болатыны сөзсіз. Күн сайын махаббат мерекесін атап өтуге дайын адамдар үшін курорт апта бойы әртүрлі мерекелік кештерді жоспарлайды.
Автор: Газиза Габи
Аударған: Мөлдір Адамжан
Суреттер: PRCO.com