«Stay Longer» - Raffles Seychelles курортынан ұзақ мерзімді тұру үшін арнайы ұсыныс
Үнді мұхитының таза ақ жағажайлары мен мөлдір таза суларымен қоршалған, аты аңызға айналған Raffles желісінің Raffles Seychelles негізгі Маэ аралынан 40 шақырым жерде Сейшел аралындағы екінші үлкен гранит аралындағы Праслен аралының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және Сейшел аралдарындағы виллалары бар ең жақсы курорттардың бірі болып табылады.
Праслин аралы әлемдегі ең әсерлі, әдемі көрінісі мен адам аяғы баспаған жағажайлары бар нағыз тропикалық жұмақ болып саналады. Аралдың стратегиялық орналасуы курорт қонақтарына көрші аралдарға оңай жетуге мүмкіндік береді, олардың көпшілігі таңғажайып флора мен фаунасы бар қорғалатын аймақтар. Үнді мұхитының батыс бөлігіндегі теңіз құстарының ең көп санын Арид аралында көруге болады, жүздеген алып тасбақаларды - Куриез аралында кездестіруге болады, ал ең керемет жағажайларға - Ла Диг аралында баруға болады.
Саяхатшылардың көпшілігі жақсы демалысты, ми тынықтыру мен физикалық күшін қалпына келтіруді армандайды. Raffles Seychelles курорты ұзақ мерзімді тұру үшін шынымен ерекше ұсыныс дайындап қойған. «Stay Longer» - сізге айналаныздағы жағдайды/қоршаған ортаны өзгертуге, қайта жандануға және көркем тропикалық табиғат пен тыныштанған мұхитпен қоршалған көрікті жерде ішкі үйлесімдікті табуға мүмкіндік береді.
Ұсыныс жыл бойы қол жетімді және Үнді мұхитына әсерлі көрініс ашатын жеке бассейні мен кең террассасы бар 86 әдемі жеке виллалардың біріне тапсырыс беру кезінде тартымды жеңілдіктер ұсынады. Қонақтарға таңдаулы мейрамханалар мен барлар, балалар клубы Sugar Palm, екі кең бассейн және сұлулық салоны, Biologique Recherche француз косметикасын және курорттың меншік ара фермасының балын пайдалана отырып, әртүрлі спа-процедураларды ұсынатын Raffles SPA спа-орталығы қызмет көрсетуге дайын.
«Stay Longer» ұсынысы келесілерді қамтиды:
- Тұруды (14 түн) брондау кезінде қолданыстағы тарифтерге 30% жеңілдік;
- All курортының адалдық бағдарламасына тіркелу кезінде ұсыныс аясында тұруды брондау үшін 40%-ға дейін қосымша жеңілдіктер;
- Тамақтануға, химиялық тазалау қызметтеріне және спа-процедураларға 20% дейін жеңілдіктер;
- Комплиментті таңғы ас.
Автор: Мөлдір Адамжан
Суреттер: prco.com