Шығысты бағындырған қыз

  Данара Жамадилова – блогер, Дубайда тұрады. Дубай туризмінің елшісі, 2017 жылы БАӘ Мәдениет министрлігінен «Елдің дамуына қосқан үлесі үшін» алғыс хат алу құрметіне ие болды.

– Қазақтар – ежелден көшпенділер, бүгін олар түрлі мегаполистерге қоныстанды. Ал сіздің өмір салтыңыз көшпенділердің рухын бейнелейді. Сіздің бүгінгі өміріңіз қалай ұйымдастырылған?

– Менің Instagram-дағы тарихымды қарап шыққандар бірдей сұрақ қояды: «Сіз бәріне қашан үлгересіз?» Шынында да, мен бір қолыммен бесікті, ал екінші қолыммен бүкіл әлемді тербететін әйелмін.

Мен төрт баланың анасымын: үлкені жиырма жаста, кішісі екі жаста. Менің жұмыс күнім таңғы 5.30-да балаларға мектепке арналған таңғы ас қораптарын жинаудан басталады. Содан кейін мен клуб пен бизнестің жұмыстарымен жүремін, киім тігетін шеберханаға барамын. Серіктестермен кездесемін. Күнім минут бойынша жоспарланған. Ең жайлы уақыт – отбасыммен бірге өтетін кеш, ол кезде мен барлық істерімді кейінге ысырып қоямын. Бұл уақытым балаларды құшақтаумен, сүюмен өтеді. Бақытыма қарай, күнделікті өмірде көмек қолын созатын көмекшім бар, бірақ түскі ас пен кешкі асты әзірлеу менің мойнымда. Ал жеке уақытым бір сағат қанаол кезде хауызда отырып кітап оқимын немесе спортпен айналысамын. Әйтсе де төртінші баланың дүниеге келуіне байланысты бұл уақытым да көзден бұлбұлдай ұшты.

Туған жерден алыс тұрудың ерекшеліктері қандай?

– Отан – біздің тек кіндік қанымыз тамған жер ғана емес, ол аяғымызға нық тұрып, жайлы өмір сүретін орта. Отан – бұл жаныңның бір бөлшегі, өзіңмен-өзің бола алатын, әрқашан қайта оралғың келіп тұратын орын. Басқа елге көшер кезде көптеген адамдар дамыған, қылмыс деңгейі төмен, медицинасы мен білімі, жайлы  климаты мен теңізі бар елдерді таңдайды.

Кемшіліктер көбінесе тілдік тосқауылда және басқа елдің заңдарын білмеуде. Тілдің қыр-сырына біршама уақыт өткеннен кейін ғана біртіндеп үйрене бастайсың. Бөтен елдің ұлттық тағамы ағзаңа өз әсерін тигізбей қоймайды. Жаныңа жақын іспен айналысуға болады, әрине, бірақ барлығы бірдей жақсы табыс әкелмейді.

Ал алыста қалған жақын адамдарыңыз өз жылы сезімдерін ғаламтор арқылы жеткізе ала ма?! Мысалы, «Скайп» арқылы құшақтай ала ма? Жоқ, әрине…

 

 

Көбірек оқыңыз