Таиландтың жағажайлы астанасына жолдар қайта ашылды

Пхукетке тікелей рейсті 31 қазаннан бастап аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері аралығында "Эйр Астана" әуекомпаниясы орындайды. Пхукет – Таиландтағы ең үлкен арал, елдің оңтүстігінде, Үнді мұхитының Андаман теңізінде орналасқан. Таиланд астанасы Бангкокқа дейінгі қашықтық 863 км құрайды.

Пхукет "Таиландтың жағажайлы астанасы" атағына ие. Бұл қарлы-ақ құм, кокос пальмалары, жылы теңіз және тау көрінісі бар таңғажайып мекен. Пхукет инфрақұрылымы жақсы дамыған орталық. Кез-келген талғамға және бюджетке арналған қонақ үйлер, мейрамханалар, барлар, үлкен сауда орталықтары, кәдесый дүкендері, азық-түлік және киім-кешек базарлары, банктер, түнгі клубтар және ойын-сауық орындары бар. Пхукет күннің ерекше батуымен танымал. Біз сіздер үшін аралдағы ең жақсы 3 қонақ үйдің тізімін жасадық.

 

NAITHONBURI BEACH RESORT

Naithonburi Beach Resort қонақ үйі өз қонақтарына жайлы бөлмелер, кәсіби қызмет және ерекше атмосфера ұсынады. Қонақ үйде демалыспен қатар әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға арналған банкет залдары бар. Олардың біріNai Paa. Ол жасыл тропикалық бақтың ортасында орналасқан, 30-дан 800 адамға дейін қонақ қылуға болады. Бақ тұрғын үйлердің жанында қонақ үйге жақын жерде орналасқан. Мұнда мерейтойды атап өтуге немесе туған күннің құрметіне достармен бас қосуға болады.

Сондай-ақ, сіздерге "тропикалық орман" кафесіне баруға кеңес береміз. Тыныш жерде әдемі әңгіме үшін, тоя тамақтану үшін немесе жұмыстарыңызды аяқтау үшін де өте ыңғайлы. Күні бойы қонақтарға қолдан жасалған кофе, шай, шырындар мен тәттілердің бірнеше түрі ұсынылады. Сіз таудың керемет картинасын тамашалай отырып, таза ауада тыныстап, кондиционерді пайдаланудан біраз уақыт бас тарта аласыз. Сонымен қатар, бұл демалыс сіздің жасырын таланттарыңызды ашуға көмектеседі. Ол үшін қонақ үйде әр түрлі жастағы қонақтарға арналған қызықты ойын-сауық бағдарламалары бар. Өз күшіңізді галстук пен зергерлік бұйымдарға арналған табиғи бояғыштар жасайтын шеберханада сынап көріңіз. Craft Workshop қолөнер шеберханасынан, Naithonburi жағажай курортынан естелік ретінде, өз қолыңызбен жасалған сувенирлерді үйіңізге алып қайтыңыз.

 

PGS HOTELS CASA DEL SOL

Дәстүрлі тай стилінде жасалған заманауи PGS HOTELS CASA Del SOL қонақ үйі отбасылық және романтикалық демалыс үшін өте қолайлы. Қонақ үй балалы отбасыларға да, жастарға да демалуға ыңғайлы. Ката ауданы ақ жағажайларымен, мейрамханаларымен, дүкендерімен және түнгі өмірімен туристерді қызықтырады. Қонақ үй тау сілемдері мен көгілдір теңіз ортасында орналасқан. Ката жағажайына 5 минут, Патонг жағажайына таксимен 15 минут және Пхукет халықаралық әуежайына 1 сағат аралығында жетуге болады.

Катаға барған кезде сіз міндетті түрде жақын маңдағы мейрамханалардың бірінен темпурадан дәм татуыңыз керек. Мысалы, Red Snapper немесе Restaurant Mama Kata (Seafood) мейрамханаларын ұсына аламыз.

Ең бастысы PGS HOTELS CASA Del SOL қонақ үйінде тұрып, сіз Катаның керемет көрікті жерлерінің бірі, танымал Community Park-інде серуендей аласыз.

 

BAUMANCASA BEACH RESORT

Baumancasa – жастар мен ерлі-зайыптылардың демалуына арналған жағажай қонақ үйі. Екі бөлмелі Family Deluxe Room 2 баласы бар отбасылар үшін тамаша таңдау. Олар бір уақытта 4 адамға дейін қабылдай алады. Қажет болған жағдайда бөлмеге сәбилерге арналған бесік немесе үлкен балаларға арналған қосымша төсек тегін орнатылады.

Жастар үшін де көптеген мүмкіндіктері бар. Мәселен, қызықты экскурсиялар, велосипедпен аралға саяхат, түрлі мейрамханалар мен базарлар, жергілікті тұрғындармен тілдесу мүмкіндігі және т.с.с. Қонақ үй жағалауға және әртүрлі гастрономиялық мекемелерге жақын. Ол дәл орталықта орналасқан. Мұнда көптеген мейрамханалар мен кафелер бар, онда сіз дәмді ас ішіп қана қоймай, көңілді уақыт өткізе аласыз. Әсіресе осы маңдағы мейрамханалардан кішкентай балаларға арналған тағамның түр-түрін таба аласыз. Туристер мекемелердің орталықтан неғұрлым алыс болса, соғұрлым бағасы төмен болатындығын ескергені жөн. Өз демалысыңызды Андаман теңізі мен күн батысының ең тамаша картинасын тамашалай отырып, дәл осы қонақ үйде өткізуге кеңес береміз.

 

Авторы: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көздерінен

Көбірек оқыңыз