The Ritz-Carlton, Moscow — терезелерінен қаланың керемет жерлері көрініс тапқан қонақ үй
Альберт Келлер негізін қалаған The Ritz-Carlton қонақ үй брендінің тарихы жайлы білесіз бе? Ол өзінің барлық жинақтарын инвестициялап, 1900 жылдары бірнеше қонақүйлерді біріктіретін брендке франшиза құқығын сатып алды. Қазір The Ritz-Carlton Marriott желісіне кіреді, бүкіл әлем бойынша қызметкерлер саны 35000 адамнан асады. Қазіргі уақытта 30 ел мен аумақта 100-ден астам қонақ үйлер мен 45-тен астам тұрғын үйлерді басқарады. Бүгін біз сізді TheRitz-Carlton, Moscow-мен таныстырмақпыз, ол бұл брендтің аты аңызға айналған қонақ үйі.
Әлемдегі ең үлкен қалалардың бірі — Мәскеудің тарихы XII ғасырдан бастау алады. Әлемдік деңгейдегі Мегаполис, Еуропаның ең үлкен астанасы-қазіргі Ресейдің саяси, мәдени және іскерлік орталығы. Мәскеу іскерлік сапармен келушілер үшін де, оның бай сәулет, тарихи және мәдени мұрасымен танысқысы келетін туристер үшін де әлемдегі ең тартымды қалалардың бірі.TheRitz-Carlton, Moscow қонақ үйінің қонақжайлылығы мен айрықша қызметтері сіздің сапарыңызды ұмытылмастай етеді.
Қонақ үй Қызыл алаң мен Кремльге жақын жерде, Мәскеудің мәдени және іскерлік орталығында орналасқан. Бұл терезелерінен қаланың керемет көріністерін тамашалауға болатын 12 қабатты ғимарат. Мейрамханалар мен барлар, көп деңгейлі жерасты тұрақтары, түрлі бутиктер, сұлулық салоны, фитнес-орталық және спа, консьерждердің жоғары кәсіби командасы және көптеген тілдерде сөйлейтін қонақ үй қызметкерлері қонақтың кез келген тілегін орындауға әрқашан дайын. TheRitz-Carlton Spa – Valmont косметикалық премиум брендінің және теріге арналған ESPA сұлулық рәсімдерін ұсынады. Ұмытылмас спа саяхатына аттанып, энергияңызды қуатаңыз. Аңызға айналған спа рәсімдерін, теріге арналған массаждарды және бет әлпетін қалпына келтіруді тәжірибелі спа терапевтері жүзеге асырады. The Ritz-Carlton Spa – демалыста берілетін мүмкіндіктердің аз бөлігі ғана.
Қонақ үйде 332 бөлме бар, оның ішінде 54 клуб және 66 люкс нөмірлер, сонымен қатар императорлық көрініспен тең астананың жүрегі және қаланың басты көшесі – Тверская террассасы бар. Биылғы жылы барлық нөмірлер мен люкстер толығымен жаңартылды. Бірегей табиғи ресурстар, қымбат материалдар мен қолөнер бұйымдары, Ресейдің бай мәдени мұрасынан шабыт ала отырып жаңартылған интерьерде көрініс тапты. Жеңіл тамаша материалдар мен ашық түстер бөлмелер мен люкстерде заманауи әрі ескірмейтін атмосфера жасайды. Ресейлік Авангардқа сілтеме жасайтын дизайн тұжырымдамасынан шабыт алған Cube Moscow арт- кеңістігі (ол қонақ үйдің минус екінші қабатында орналасқан) Елена Попова, Владимир Семенский және Людмила Константинова басты тұлғалар болған қазіргі орыс суретшілерінің жұмыстарының таңдаулыларын дайындады. Күрделі, әрі қызықты іріктеу процесіне барлығы 40-тан астам шеберлердің 1000-нан астам жұмыстары ұсынылған. Ресейлік суретшілердің жұмыстары интерьерді жандандырып, толықтырды, аты аңызға айналған қонақ үй бөлмелерінің безендірілуіне ерекше талғаммен үлес қосты. Енді астананың қақ ортасында орналасқан қонақ үйде Ресейдің заманауи арт-сахнасының қаймақтарын мақтанышпен тамашалауға болады.
The Ritz-Carlton, Moscow құпиялылық пен жайлылықтың жоғары деңгейін іздейтін қонақтарды клуб қабатының керемет сән-салтанатынан ләззат алуға шақырады. Жайлылық пен эксклюзивтілікті үйлестіретіріп, дербес сервиспен тыныштықтың рахатын сыйлай білу – The Ritz-Carlton брендінің айрықша белгілерінің бірі. Ол көбінесе "қонақ үйдегі қонақ үй" деп аталады, 11-ші қабаттағы клубтық қонақ бөлмесінде тыныш және жайлы жағдай жасап, жеке Консьерж қызметі әрдайым қызмет етеді, бұл жерден Қызыл алаңның, Кремльдің және Құтқарушы Мәсіхтің соборының панорамалық көріністері ашылады. Клуб бөлмесінің қонақтарына артықшылықтар беріледі, олар күні бойы гастрономиялық презентацияларға куә бола алады. Қонақтарды ұмытылмас гастрономиялық әсер күтеді.
Мәскеудегі әйгілі мейрамханаларға барғаныңыз абзал. Атап айтқанда, португалдық аспазшы Луис Педросайдың авторлық асханасы, Қызыл алаң мен Кремльдің панорамалық көрінісі бар террассаларымен ерекшеленетін аты аңызға айналған O2 Loungeby Genesis, паназиялық Novikov Restaurant & Bar мейрамханасы және Ресейдегі алғашқы гастрономиялық студия – Sartoria Lamberti. Іс-шаралар, мерекелер мен үйлену тойлары үшін қонақ үйде сәнді Бал бөлмесі, кең фойе бар, сонымен қатар жеке құрылғыларды бүкіл жүйеге қосу мүмкіндігі бар жоғары технологиялық кіріктірілген жабдықтармен жабдықталған 8 жоғары талғаммен безендірілген зал бар. Қонақтар мен ұйымдастырушыларға ұмытылмас сезімдер мен ерекше эмоцияларға бөленуіне TheRitz-Carlton, Moscow қонақ үйінің кәсіби командасы жауап береді.
Авторы: Мөлдір Адамжан
Фото: The Ritz-Carlton, Moscow мұрағатынан