Қазақтың ұлттық әшекейлерінің сиқыры
Отандық шеберлердің заманауи зергерлік өнері ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге ие, олардың көпшілігі бүгінгі күнге дейін сақталған. Сонымен, Қазақ зергерлік кәсіпорнымен бірлесіп әзірлеген MUSEOFNOMAD зергерлік “Казахювелир” – шаңырақ – ел төбесінің құрылымдық элементі, Тәңірдің символы болды.
Бүгінгі Қазақстанның территориясы біздің көшпелі ата-бабаларымыз қолөнер тәсілімен өндірген пайдалы қазбаларға өте бай болған, ал әшекейлік бұйымдар алғашында сәндік үшін қолданылған.
Ұлы Жібек жолында орналасқан шығыс базарларында қолөнершілер алтын, күміс, қалайы, мыс, жез секілді құнды металдарды сатып алып, бар шығармашылық өнерлерін ортаға салып, қатып қалған тас пен металдың бетін керемет сұлулықпен өрнектеген! Көшпенді зергерлер, яғни шығыс торевтика (металға, оның ішінде алтын мен күміске ойып өрнек салу өнері) шеберлері өз бұйымдарын негізінен металл қаңылтырдан жасаған, осы жұмыс үстінде олар дәнекерлеу, бедерлеу, қола (үш өлшемді) ою, тесу және шекілеу әдістерін қолданған. Сонымен қатар басма тақталарын қолдана отырып, бұйымға ромб, үшбұрыш немесе басқа да пішіндегі бедерлі оюлар салған.
Ертеректе әйел адам тағатын зергерлік бұйымдардың функционалды мақсатына қарай оның иесінің шыққан тегін, отбасылық және әлеуметтік жағдайын, әуестігін, мүліктік айырмашылықтарын, тіпті жасын, сондай-ақ тұрғылықты жерін және ұлттық мәдениетінің тарихи даму кезеңін де анықтауға болатын еді. Қазақ әйелдері зергерлік бұйымдарды өмір бойы дерлік қолданады, әсіресе күмістен жасалған бұйымдар оларға көбірек ұнайды, өйткені күміс Дала халқында киелі металл болып саналды да, тұтас бір рудың әл-ауқатына, аман-саулығына кепілдік берді, тіпті күміс улы заттарды күшінен айыратын қасиетке ие деп саналды (сондықтан әйелдер тамақ дайындағанда қолдарына күміс сақина мен білезіктер таққан, ал сәбиді шомылдырған кезде суға күмістен жасалған бұйымдарды салған).
Уақыт өте келе қыздың тұмары телпегіне, яғни тақиясына ауыстырылып тігілген – кейіннен осы тұмар әйелдің болашақ зергерлік бұйымдарының бастамасына айналады. Кейде қыз баланың бірнеше тұмары да болады, бұл тұмарлар өздеріне бақыт әкелетініне және зұлым күштерден қорғайтынына сенімді болған қыздар балалық шақтарындағы тұмарларын қуана-қуана тағып жүрген. Ал жаңа туған нәрестелерге кішкентай сырға таққан, кейіннен оған түрлі-түсті тастардан жасалған күміс сырға мен көптеген алқа алып береді. Әдетте алғашқы сырғаны немерелеріне әжелері сыйға тартады.
Қыз бала 10–12 жасқа толғанда, онда зергерлік бұйымдардың толық жиынтығы болады, сөйтіп бұл бұйымдар қыз бала тұрмысқа шығарда берілетін зергерлік бұйымдар жиынтығының бір бөлігін құрайды. Осы жаста қазақ қыздары алғаш рет күрделі төс әшекейлері өңіржиек пен алқаға ие болады да, 30 жасына қарай оларды отбасындағы бүлдіршін қыздарға береді. Өңіржиектерді өткен ғасырдың 20–30-жылдарына дейін батыс қазақстандық қыздар ғана таққан, бұл әшекей төртбұрыш түріндегі үш қуыс пластинамен безендіріліп, салмағы болу үшін ақ пастамен толтырылған және ромб тәрізді қоңыраулы салпыншақтармен тізбек арқылы қосылған.
Жоғары талғам мен табиғи сезімталдығы бар қазақ әйелдері бір жастан екінші жас санатына ауыса отырып, жастарына сай қарапайым әрі сабырлы әшекейлер таға бастаған: мысалы, шолпы мен шашбау сияқты бұрымға және самайға тағатын әшекейлердің орнына інжу немесе маржан жіптері, сондай-ақ түрлі-түсті таспалар мен кимешек орамалдары пайда болды. Қолға тағуға арналған әшекейлер де ұстамды бола түсті: жұптық білезіктердің орнына дала халқы тұмар ретінде күміс сымның дөңгеленген бөлігі түріндегі білезіктерді таққан, олардың ұштары жалын бас жылан тәріздес болған. Айтпақшы, рулық және аймақтық айырмашылықтарды сипаттамай-ақ, сақина секілді жұмырланбаған мұндай білезіктерді көптеген қарт әйелдер қолдарына сәндік ретінде таққан.